"БАЛДӘУРЕН БІЛІГІРІ-2019" БАЙҚАУЫ

2020.07.12
Рассказать:

2-8 сынып оқушыларына арналған «Балдәурен білгірі-2019» Республикалық зерттеу жұмысы мен әлеуметтік жобалар байқауы

     Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  Мектепке дейінгі және орта білім департаменті  2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білім және ғылымды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын және «Жастар жылына» жоспарланған ауқымды іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында «Балдәурен-Қапшағай» республикалық оқу-сауықтыру орталығы 2019 жылғы 5-6 маусым аралығында 2-8 сынып оқушыларына арналған «Балдәурен білгірі-2019» Республикалық зерттеу жұмысы мен әлеуметтік жобалар байқауын  өткізетінін хабарлайды.

Байқау төмен және орта жас мектеп оқушыларының шығармашылық және зияткерлік мүмкіндігін дамытуға, зерттеушілік және шығармашылық қабілеттерін шыңдауға бағытталған. Байқауға республиканың жалпы орта білім беретін мектептерінің  ғылыми-зерттеу және шығармашылық қызметте айтарлықтай табыстарға жеткен іздену мен зерттеуге қызығушылығы бар 2-8 сыныптың дарынды және талантты оқушылары қатыса алады. Байқау ережесі www.baldauren-kapchagay.kz  сайтына орналастырылған.

Орталыққа келу 4 маусым 2019 жыл сағат 18.00-ге дейін, байқаудың ашылу салтанаты  5 маусым 2019 жыл сағат 9.00-де. Байқаудың жабылу салтанаты –  6 маусым 2019 жыл 15.00-де. Қайту- 6 маусым 2019 жыл 17.00-ден кейін.

Іссапар шығыны (ұйымдастыру жарнасы, бару-қайту жолы, тамақтануы және тұратын орны) байқауға жіберуші жақтың есебінен төленеді.

Қатысушылардың «Балдәурен-Қапшағай» орталығында тұру  прейскурантын  www.baldauren-kapchagay.kz сайтынан білуге болады.

Орталықтың мекен-жайы: Алматы облысы, Қапшағай қаласы, Қапшағай су қоймасының солтүстік батыс жағалауы.              

Байланыс үшін ұйымдастыру комитеті: тел. 8(727 72)7-90-70,

             8777 684 39 60, e-mail: kapchagay.baldauren@mail.ru

 

           

  2-8 сынып оқушыларына арналған «Балдәурен білгірі-2019» Республикалық зерттеу жұмысы мен әлеуметтік жобалар байқауын өткізу туралы

ЕРЕЖЕСІ

I. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже 2-8 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен әлеуметтік жобаларының «Балдәурен білгірі-2019» РHеспубликалық байқауының (бұдан әрі – Байқау) мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыз етілуін, өткізу мен қаржыландыру тәртібін, қатысуын және жеңімпаздар мен жүлдегерлерін анықтайды.

2. Байқаудың  ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Балдәурен-Қапшағай» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы (бұдан әрі – «Балдәурен-Қапшағай» РОСО) болып табылады.

 3. Байқаудың негізгі мақсаты балалардың шығармашылық ойлауы мен зерттеушілік қабілеттерін дамыту, әлеуметтік жобаларға бейімделуін қалыптастыра отырып, 2-8 сынып оқушыларының зияткерлік-шығармашылық, ізденімпаздық әлеуетін ынталандыру, әлеуметтік жобаларын қолдау болып табылады.

4. Байқаудың мақсат-міндеттері:

- зерттеу жұмыстарына, әлеуметтік жобаларға  қызығушылық танытқан қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету;

 - оқушылардың зерттеушілік бағыттағы үлгілі жұмыстарын  көрсету және насихаттау, зерттеу және жоба жұмыстарын қорғау арқылы сөйлеу дағдыларына үйрету;

- «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы міндеттерді жүзеге асыру, дарынды және қабілетті оқушылардың жетістіктеріне қоғам назарын аударту арқылы патриоттық тәрбие беру.

 II. Байқау қатысушылары

5. Байқауға жас зерттеушілер - 2-8 сынып оқушылары, жеке, сондай-ақ, командалық құрамда (3 қатысушыға дейін) қатыса алады.

6. Қатысушы командалар жетекшілері Байқаудың қорытынды кезеңінің өткізілу орнына дейін және кері қайту жолындағы, оның өткізілуі барысындағы қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін толық жауапкершілікте болады.

III. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

7. Байқауды дайындау мен өткізу бойынша жұмысты координациялау және жүзеге асыру үшін ұйымдастыру комитеті құрылады.

8. Ұйымдастыру комитеті Байқаудың қорытынды кезеңін дайындауға және өткізуге тікелей басшылықты жүзеге асырады, қазылар алқасының құрамын, Байқаудың қорытынды кезеңін өткізу бағдарламасын, қатысушы- командалардың тізімін бекітеді. Байқаудың қорытындысын шығарады және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттайды. Жүлдегерлер тізімін «Балдәурен-Қапшағай» сайтына орналастырады.

9. Қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын тексереді және бағалайды, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.

10. Байқау екі кезеңде өткізіледі:  1) бірінші кезең (сырттай іріктеу)–ағымдағы жылдың 28 мамырына дейін «Балдәурен-Қапшағай» РОСО  өткізіледі;

 2) екінші кезең – республикалық  қорытынды (тікелей) ағымдағы жылдың 5-6  маусымы аралығында «Балдәурен-Қапшағай» РОСО  базасында өткізіледі;

11. Қорытынды кезеңде - зерттеу және әлеуметтік жоба жұмыстары  қорғалады. Қорғауға авторға (бірлескен авторға) баяндама үшін 8-10-минут уақыт беріледі.

12. Байқаудың сырттай кезеңіне қатысушылар тізімі республиканың білім беру мекемелерінен іріктелген, құрылған құрама командалар негізінде жас ерекшеліктеріне (кіші жастағы топ - 2-4 сыныптар, ересек жастағы топ - 5-8 сыныптар) сәйкес жасалады және әр топтан бір жетекші ұсынады.

13.Байқаудың республикалық іріктеу кезеңіне тіркелу ағымдағы жылдың 28-мамырына дейін ұйымдастыру комитетіне жазбаша өтінімдер және жұмыс материалдары негізінде жүзеге асырылады (1-қосымша).

 Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Алматы облысы, Қапшағай қаласы, Қапшағай суқоймасының солтүстік-батыс жағалауы, «Балдәурен-Қапшағай» РОСО, тел. 8-727-727-90-70, 8-777-684-39-60, e-mail: kapchagay.baldauren@mail.ru

 14.  Қорытынды кезеңге өткен қатысушылардың толық тізімі «Балдәурен-Қапшағай» РОСО-ның сайтына орналастырылады: www.baldauren-kapchagay.kz

 15. Байқауға ұсынылған жұмыстар рецензияланбайды және қайтарылмайды.

16. Аппеляция қарастырылмайды.

17. Зерттеу жұмыстары мен әлеуметтік жобаларды қорғау көрнекі құралдар, сызба, сурет, макет түрінде өткізіледі. Қатысушы жұмысының қағаз және электронды нұсқасын өзінде ұстауы тиіс. Қатысушылардың жұмыстарын қорытындылау және марапттау байқаудың 3-ші күнінде ұйымдастырылады

 IV. Байқауға ұсынылатын зерттеу жұмыстарының рәсімделуіне қойылатын талаптар

18. Байқауға 2-8 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары келесі бағыттар бойынша қабылданады:

1-бағыт: «Тілдердің үштұғырлығы» (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі);

2-бағыт: «Көркем әдебиет» (қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті);

3-бағыт: «Сандық ресурстар» (математика, қолданбалы математика);

4-бағыт: «Ғаламшар ғажайыптары» (физика, космос, техника);

5-бағыт: «Адам денсаулығы» (биомедицина, медицина);

6-бағыт:«Туған жерге тағзым» (өлкетану, дүниетану, этномәдениеттану);

7-бағыт: «Жаратылыстану ғылымдары» (химия, биология, жаратылыстану, экология);

8-бағыт: «Ақпараттық технологиялар» (информатика, робототехника);

9-бағыт: «Ұлы даланың жеті қыры»  (көркем еңбек, архитектукра)

10-бағыт: «Әлеуметтік жобалар» (барлық сала бойынша).

19. Әрбір бағыт бойынша зерттеу жұмыстары теориялык, эксперименттік, фантастикалық, ойлап тапқыштық негізде бола алады. Жұмыс қатысушының оқу тіліне қарай қазақ және орыс, ағылшын тілдерінде ұсынылады. Жұмыстың көлемі 15 беттен аспауы керек. Беттерін нөмірлеу және жиегін қалдыру міндетті.

 20. Әрбір жұмыста таңдалған тақырыптың мақсаты мен пайдалылығы, автордың қосқан үлесі, нәтижесі, құндылығы мен кемшілігі көрсетілген жетекшісінің және маманның пікірі болуы керек.

21. Жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптары:

1) жұмыс мәтіні компьютерде WORD, 14 әріп, 1,5 жоларалық, солдан шегініс – 2 см терілген болуы және мыналардан тұруы керек: - титул парағы; - мазмұны; - түйіндеме (аннотация) – жұмыстың негізгі мазмұнын қысқаша баяндау (жұмыстың қандай тілде жазылуына байланысты); - кіріспе – жұмыстың өзектілігін көрсетеді және тақырыпты, оның мақсаты мен міндеттерін, өткізу орнын таңдауын негіздейді; - негізгі бөлім: материалдар мен зерттеу әдістері; эксперименттік бөлім; жұмыстың қорытындысы мен оны талқылау; - әдебиеттерге шолу жасау зерттеу мәселесі бойынша (отандық және шетелдік) әдеби мағұлматтарға қысқаша талдау жасап тұрады; - қорытынды (тұжырымдамалар, ұсыныстар); - қолданылған әдебиеттер тізімі.

2) титул парағын толтыру: - жұмыс орындалған білім беру ұйымының толық атауы; - жұмыстың тақырыбы; - бағыты; - орындаушы (аты-жөні, сыныбы, мектебі, (қаласы) ауданы, облысы); - жұмыстың жетекшісі (аты-жөні, ғылыми дәрежесі, қызметі, жұмыс орны); - жұмыс орындалған жыл.

22. Байқаудың қорытынды кезеңінде қатысушылар өз зерттеу жұмыстарын және әлеуметтік жобаларын қорғау үшін көрнекі материалдар, сызбалар, суреттер немесе макеттер дайындаулары қажет.

V. Жеңімпаздарды қорытындылау және марапаттау:

 23. Байқау жұмыстарын бағалау келесі белгілер бойынша жүзеге асырылады:

- жұмысты орындаудағы жеке орындаушылық деңгейі (авторлық ұжымның әр мүшесінің қосқан үлесі);

- шығармашылығы, өзіндік ізденіс нәтижесі;

- тақырыпты аша білу қабілеті мен зерттеу тереңділігі;

- сұрақтарға жауаптардың толықтығы;

- уақыт регламентін сақтауы.

 24. Байқауды қорытындылау финалды өткізу барысында жүзеге асырылады. Жеңімпаздар әрбір бағыт бойынша екі жас тобы бойынша анықталады:

 1) 2-4 сынып оқушылары;

2) 5-8 сынып оқушылары.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Балдәурен-Қапшағай» РОСО-ның I, II, III дәрежелі дипломдарымен және грамоталарымен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар, жетекшілеріне алғыс хаттар беріледі. Әділ-қазы алқасының шешіміне сай әр бағытта екі жас тобы бойынша Гран-при жеңімпазы 1 (бір) жұмысқа орталықта демалуға жолдама беріледі.

VІ. Қаржыландыру

25. Іс-шараны қаржыландыру бекітілген сметаға сәйкес жүзеге асырылады.

26. Байқауға қатысушылар мен жетекшілердің іссапар шығындары (тамақтануы, жатын орны және келу/кету жолы және ұйымдастыру жарнасы жеке қатысушыға-5000 (бес мың теңге), егер командалық жұмыста-8000 (сегіз мың теңге) екі қатысушы болған жағдайда)  жіберуші жақтың есебінен төленеді. Прейскурант www.baldauren-kapchagay.kz сайтында көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

1-қосымша

Республикалық «Балдәурен білгірі-2019» байқауына қатысуға

ӨТІНІМ парағы

                                                                  

Облыс

 

Аудан, қала

 

Ауыл

 

Білім беру ұйымы атауы

 

Қатысушының Тегі, Аты, Әкесінің аты толығымен

 

Байланыс телефоны (үй, ұялы)

 

Сыныбы

 

Оқу тілі

 

Бағыты

 

Зерттеу жұмысы немесе әлеуметтік жоба (жұмыс) тақырыбы

 

Жұмысқа қысқаша аннотация

 

Жетекшісінің аты-жөні

 

Байланыс телефоны (үй, ұялы) электронды поштасы

 

 

 

 

Новости

Пресс-релиз 9 смены 2020 года

ПРЕСС-РЕЛИЗ 9 смены 2020 года Патриотическая смена «Патриоты – будущее..

2020.07.07

2020 жылдың 9-ауысымының баспасөз хабарламасы

2020 жылғы «Патриоттар – ел ертеңі» патриоттық ауысымы атты 9-ауысым..

2020.07.07

"Кездескенше, Арман аралы!" гала-концерт

Қорытынды гала концертте ауысымның нүктесі қойылды. Ән шырқалып, би биленді. Балалардың ..

2020.07.06

Гала-концерт "Кездескенше, Арман аралы!"

Вот и подошла к своему логическому завершению наша 8 смена 2020 года. Не успели оглянуть..

2020.07.06

Торжественное закрытие 8 смены 2020 года

Вот и подошла к концу 8 смена 2020 года под названием «SPORT.KZ» марафон здо..

2020.07.06

«SPORTS.KZ» денсаулық марафоны

Міне, қызыққа толы ауысымымыз да өз мәресіне жетті. Көзді ашып-жұмғанша өте шыққан ауысы..

2020.07.06

"Sports.kz" денсаулық марафоны

"Sports.kz" денсаулық марафоны - спорт әлеміне шытырман оқиғаға толы қызықты саяхат..

2020.07.03

Марафон здоровья "Sports.kz"

Марафон здоровья "Sports.kz" - увлекательнейшее путешествие в мир спорта. Всю смену для ..

2020.07.03

Вечер, посвященный именинникам "Құттықтайды Балдәурен!"

День рождения - самый ожидаемый праздник, который осчастливит каждого. А если день рожде..

2020.07.01

"Құттықтайды Балдәурен!" туған күн иелерін құттықтау кеші

Туған күн – әр баланың өмірінде ерекше орын алатын мерекелердің бірі. Бұл мерекені..

2020.07.01

Конкурс песен «Әнім саған - Балдәурен!»

За 17 лет истории «Балдаурена» и за 3 года истории нашего филиала было напис..

2020.06.30

«Әнім саған - Балдәурен!» әндер байқауы

"Балдәуреннің" 17 жылдық, біздің орталықтың 3 жылдық тарихында барша балалардың, қызметк..

2020.06.30

"Жастар" педагогикалық тобымен танысу кеші

2020 жылдың 26 маусым күні балалардың арман аралына айналған Қапшағай қаласындағы «..

2020.06.26

Вечер знакомства с педагогическим отрядом "Жастар"

Концерт педагогического отряда «Жастар» - это самое фееричное и незабываемое..

2020.06.26

Торжественное открытие 8 смены 2020 года

Республиканский учебно-оздоровительный центр «Балдаурен» города Капшагай про..

2020.06.26

2020 жылдың 8-ауысымының ашылу салтанаты

Қапшағай қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы Түркіс..

2020.06.26

Топ визиткасын қорғау кеші

Топ визиткасын қорғау кеші әрдайым қызықты, таңқалдырарлық шоу ретінде өтеді. Дәл солай ..

2020.06.25

Вечер защиты отрядных визиток

Вечер защиты отрядных визиток - это всегда очень крутое, весёлое и интересное мероприяти..

2020.06.25

2020 жылғы «SPORTS.KZ» денсаулық марафоны атты 8-ауысымының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2020 жылғы «SPORTS.KZ» денсаулық марафоны атты 8-ауысымының БАСПАСӨЗ ХАБА..

2020.06.23

ПРЕСС-РЕЛИЗ 8 смены 2020 года Марафон здоровья «SPORTS.KZ»

ПРЕСС-РЕЛИЗ 8 смены 2020 года Марафон здоровья «SPORTS.KZ»   (23.06..

2020.06.23

Дистанционные тренерские курсы

Тренерские дистанционные курсы вожатского мастерства для представителей Центров вожатско..

2020.06.22

Тәлімгерлік шеберліктің теренрелеріне қашықтан оқу курсы басталды

Алматы қаласы, Алматы, Батыс -Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстарының тәлімгерлік қозғ..

2020.06.22

Встреча со звездами казахского КВН

В нашем центре ребята получают возможность встретиться со знаменитостями, которых раньше..

2020.06.16

КТА майталмандарымен кездесу

Бүгінгі күніміз өте қызықты өтті. Ойындармен қатар орталығымызға көңілді тапқырлар алаңы..

2020.06.16

Конкурс музыкальных игр «Играют дети, играем мы!»

Для интересного и продуктивного времяпровождения детей в нашем центре проводятся различн..

2020.06.16

«Балалар ойнайды, біз ойнаймыз!» музыкалық ойындар байқауы

Балалардың уақыты қызықты өту үшін бізде түрлі іс-шаралар өткізіліп, ойындар ойнатылады...

2020.06.16

"Олимпия" СМ

Біздің демалысымыз керемет өтті! Екі күн бойы біз спорттық жарыстарға қатыстық. Бірінші..

2020.06.14

Концерт, посвященный именинникам

Ты когда-нибудь праздновал свой день рождения с 250 гостями? А мы вчера праздновали! И в..

2020.06.14

Туған күн иелерін құттықтау кеші

Сен туған күніңді 250 баламен бірге тойлап көрдің бе? Ал біз кеше 250 бала және орталық ..

2020.06.14

СП "Олимпия"

Спортивный праздник «Олимпия» прошёл очень интересно! В упорной борьбе в ко..

2020.06.14

Онлайн мастер-классы Департамента чрезвычайных ситуаций

Сегодня Департаментом чрезвычайных ситуации Алматинской области были проведены онлайн ма..

2020.06.12

Онлайн шебер сыныптар

Бүгін Алматы облысы төтенше жағдай департаменті балдәурендіктерге онлайн шебер сыныптар ..

2020.06.12

Бизнес-сити ойыны

Орталығымызда «Құтқарушылар балалар көзімен» атты бизнес-сити ойыны өтті. Бұ..

2020.06.11

«Сақтансаң, сақтайды!» педагогикалық вернисажы

Маусым айының 10-жұлдызында «Сақтансаң, сақтайды!» педагогикалық вернисажы ө..

2020.06.11

"Жастар" педагогикалық тобымен танысу кеші

«Жастар» педагогикалық тобымен танысу кешінде балалар өздерінің ұйымдастыруш..

2020.06.09

Вечер знакомств с педагогическим отрядом "Жастар"

На вечере знакомств с педагогическим отрядом «Жастар» ребята узнают своих пе..

2020.06.09

Торжественное открытие 7 смены 2020 года

Ура! Сегодня прошло торжественное открытие 7 смены 2020 года Республиканский слет команд..

2020.06.08

2020 жылдың 7-ауысымының ашылу салтанаты

Алақай! Бүгін «Құтқарушы - 2020» жас құтқарушылар командаларының республикал..

2020.06.08

Вечер защиты отрядных визиток

Вы когда-нибудь слышали, что визитку можно защитить прямо с балкона? Мы сегодня услышали..

2020.06.07

Топ визиткасын қорғау кеші

Топ визиткасын балконнан қорғап шықты дегенге сенесіздер ме? Сенбесеңіздер - сіз бүгінгі..

2020.06.07

ПРЕСС-РЕЛИЗ 7 смены 2020 года

ПРЕСС-РЕЛИЗ   7 смены 2020 года     Республиканский слет команд юных сп..

2020.06.04

7-ауысымның БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2020 жылғы     «Құтқарушы - 2020»     жас құтқарушылар..

2020.06.04

«Жаңа жұлдыздар жарқырайды» шығармашылық ауысымының жабылу салтанаты

Міне, 15 күнге созылған ауысымымыз да өз мәресіне жетті. 31 мамыр күні «Жаңа жұлды..

2020.06.01

Торжественное закрытие 6 смены 2020 года

Вот и подошла к концу 6 смена 2020 года под названием «Новые звезды сияют». ..

2020.06.01

Благотворительный фонд «Аяла» оказал помощь детям из Мактаарала

Наш дружелюбный народ никогда не оставит в беде ближнего. Очень радует, что есть такие н..

2020.05.29

"АЯЛА" ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ МАҚТААРАЛДЫҚ БАЛАЛАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Балалық шақта еркін күліп, шапқылап ойнағанға не жетсін, шіркін! Уайымсыз, қамсыз, мұңсы..

2020.05.29

Туған өлкеге тағзым "Жерұйық мекен"

6-ауысым демалушыларын Жетісу жерінің тарихымен таныстыру арқылы танымдық-қызығушылық қа..

2020.05.25

Спортивный праздник "Олимпия"

Наши выходные прошли на спортивной волне. В первой половине спортивного праздника &..

2020.05.24

"Олимпия" спорттық мерекесі

Демалысымыз спорт толқынында өтті. «Олимпия» спорттық мерекесі күннің б..

2020.05.24

Вечер отрядных визиток «Өнерлі өрге жүзер»

22 мая 2020 года в Республиканском учебно-оздоровительном центре «Балдаурен»..

2020.05.22