Тәжірибе алмасу — шеберлікті шыңдау баспалдағы

2019.05.25
Рассказать:

 

     «Балдәурен-Қапшағай» оқу-сауықтыру орталығында 29.10.18-1.11.18. аралығында «Оқу үдерісіндегі жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігі» тақырыбында педагогтардың  республикалық тәжірибе  алмасу семинары болып өтті. Семинардың негізгі мақсаты -  «Қазақстан – 2030» стратегиясындағы негізгі бағыттардың бірінде айтылған бойында ұлттық ділі сақталған, отаншылдық рухы кемел Қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу, қазіргі жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқушыны өздігінен білім алуға бағыттау.

           Тәжірибе алмасу семинарының алғашқы күнінде  «Балдәурен», «Балдәурен-Шымкент», «Балдәурен-Қапшағай» оқу-сауықтыру орталығының ұстаздары «Жаңартылған білім мазмұны негізінде бақылау түрлері мен жүргізу әдістері»  тақырыбында «Пікір алаңы» деген атпен  өзара пікір алмасты. Онда бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау кезінде алынатын бақылау жұмыстарының түрлері, жүргізілу әдіс-тәсілдері сөз болып, қызу пікірлер мен ұсыныстар айтылды.  Сонымен қатар, гуманитарлық  және жаратылыстану  бағытындағы  пәндер әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспары, атқарылатын  шаралар ауқымы талқыға салынған дөңгелек үстел өтті. Модераторлар   Д.Д. Тоқтарова, Г.К. Қожахметова  аталған бірлестіктердің атқаратын  жұмыстарына орай өзекті мәселелер төңірегінде ой тастап, алдағы уақыттағы келелі істерді жоспарлады. Математика пәнінің мұғалімі С.Е. Каппасованың ұйымдастыруымен өткен «Ұжымды ұйымдастырудың 10 тәсілі» атты тренингі  тиімді топқа бөлу, сергіту, ЖББМ бойынша қосымша білім беру мәліметтерін, семинарды қалай өткізу керектігін, тренингтер, ойындар, сергіту, бағалау түрлерін, бекітудің әдіс-тәсілін, сабақтың мақсатына жету жолдарын, рефлекция, топтық жұмыс, емін-еркін пікір білдіру.  оқушылармен қарым-қатынас жасау мәселелерін қамтыды.

      Үш орталықтың  білікті ұстаздары Тохтарова Д.Д., Сергазина А.С., Исмагамбетов М.К., Нургалиева С.Е., Джалаева Л.Ә., Токтагулова Н.Ш. қазақ тілі, ағылшын тілі, тарих, география, химия пәндері бойынша инновациялық технологияға негізделген үлгілі ашық сабақ көрсетті. Мазмұнды шаралар  «Балдәурен» педагогтарының «Педагогикалық инновациялар колейдоскобы», «Тапқыр достар» зияткерлік-танымдық ойыны және «Балдәурен-Шымкент» мұғалімдерінің «Жаратылыс жұлдыздары» атты зияткерлік ойындарымен жалғасты. Әрбір шара соңында кері байланыс жүргізіліп отырды. Бұл іс-шаралардың өзіндік тәрбиелік-танымдық маңызы зор болды.

      XXI ғасыр педагогикасы ұстаздар қауымына сабақ берумен шектеліп қана қоймай, шығармашылық, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуды талап етіп отыр. Осы тұрғыдан алғанда, авторлық ғылыми-зерттеу, оқу-әдістемелік еңбектері жарық көрген мұғалімдер де назардан тыс қалмады. Ұстаздардың ғылыми еңбектерімен танысу шарасы кітапханада өтті. Онда Каппасова С.Е., Шамахова А.И., Туякова М.Т., Кульмагамбетова А.А. сынды ізденімпаз мұғалімдердің шығармашылық жұмыстарына куә болдық. 

               «Оқу мен тәрбие егіз» демекші, семинар қонақтары «Балдәурен-Қапшағай» оқу-сауықтыру орталығы ұйымдастырушы-ұстаздарының ұйымдастыруымен өткен «Дыбысты оркестр» байқауы, «Домбыра пати» кеші және «Жастар» педагогикалық тобының мерекелік концерті жоғары деңгейде өтті. Семинар соңы үш орталықтың ұстаздары бас қосқан  «Бір дәуірдің мөлдіреген жастары едік...» атты  концерттік бағдарламамен жалғасты.

           Үш күнге созылған «Балдәурен», «Балдәурен-Шымкент», «Балдәурен-Қапшағай» оқу-сауықтыру орталығы ұстаздарының қатысуымен өткен «Оқу үдерісіндегі жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігі» тақырыбындағы педагогтардың  республикалық тәжірибе  алмасу семинарының көтерген мәселесі ауқымды әрі өзекті болды.

 

 

 

Новости

"ЖАС САРБАЗ" БАЙҚАУЫ

2019 жылдың 16 мамыр күні 6-ауысым демалушыларына Қапшағай қаласында орналасқан 32363 де..

2019.05.16

"ГОРДО РЕЕТ ЗНАМЯ ПОБЕДЫ!"

9 мая 2019 года в 74 - ый раз прогремит салют Победы. А в памяти народной и поныне живы ..

2019.05.09

"ЖЕЛБІРЕЙДІ ЖЕҢІС ТУЫ!"

Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 74 жыл толып отыр бұл мерекені лайықты атап өту қазіргі ..

2019.05.09

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

Ұлы Женіске 74 жыл толуына орай 6-ауысымының өзін-өзі басқару ұйымы Қапшағай қаласына ба..

2019.05.09

В ГОСТЯХ У ВЕТЕРАНА

В честь 74-ой годовщины Великой Победы органы самоуправления 6 смены побывали с визитом ..

2019.05.09

ТОРЖЕСТВЕННАЯ ЛИНЕЙКА

9 мая 2019 года в Республиканском учебно-оздоровительном центре "Балдаурен-Капшагай" про..

2019.05.09

"ЖЕҢІС КҮНІ" САЛТАНАТТЫ САП

Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 74 жыл толуына орай, 6 ауысым демалушыларымен 2019 жылды..

2019.05.09

ОТКРЫТИЕ 6 СМЕНЫ 2019 ГОДА

В предверии Дня Победы в РУОЦ "Балдаурен - Капшагай" 8 мая 2019 года прошло торжественно..

2019.05.08

6-АУЫСЫМНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ

2019 жылдың 8 мамыр күні "Сарбаздар шеруі" әскери-патриоттық клубтар мен бірлестіктеріні..

2019.05.08

"Мен елімнің Патриотымын!" топ визиткасын қорғау кеші

Ауысымның тақырыбына сәйкес 2019 жылдың 7 мамыр күні "Мен елімнің Патриотымын!" атты топ..

2019.05.07

ВЕЧЕР ЗАЩИТЫ ОТРЯДНЫХ ВИЗИТОК "Я ПАТРИОТ СВОЕЙ СТРАНЫ!"

Согласно тематике смены 7 мая 2019 года прошел вечер защиты отрядных визиток "Я Патриот ..

2019.05.07

"Сарбаздар шеруі" әскери-патриоттық мен бірлестіктерінің Республикалық слеті

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2019 жылғы "Сарбаздар шеруі" әскери-патриоттық мен бірлестіктерінің Республикалық слет..

2019.05.05

Республиканский слет военно-патриотических клубов "Сарбаздар шеруі"

  ПРЕСС - РЕЛИЗ 6 СМЕНЫ 2019 ГОДА Республиканский слет военно-патриотических клу..

2019.05.05

АКЦИЯ "100 ДЕРЕВЬЕВ"

4 мая 2019 года на территории РУОЦ "Балдаурен - Капшагай" была проведена акция "100 дере..

2019.05.04

ФЛЕШМОБ "МЫ - ДЕТИ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ"

4 мая 2019 года на высокогорном катке "Медео" города Алматы с участниками форума прошел ..

2019.05.04

"БІЗ ҰЛЫ ДАЛА ҰРПАҒЫМЫЗ" ФЛЕШМОБ

2019 жылдың 4 мамыр күні Алматы қаласындағы "Медеу" мұз айдынында "Біз ұлы дала ұрпағымы..

2019.05.04

"ЕЛ БОЛАШАҒЫ - БІЗДІҢ ҚОЛЫМЫЗДА"

2019 жылдың 3 мамыр күні "Ел болашағы - біздің қолымызда" атты патриоттар трибунасы өткі..

2019.05.03

"МӘНГІ ЕСІМІЗДЕ ЕРЛІКТЕРІҢІЗ"

2019 жылдың 3 мамыр күні Жас патриоттар Ұлы Жеңіс күніне орай Қапшағай қаласындағы Ұлы О..

2019.05.03

"ПАТРИОТИЗМ - В РУКАХ МОЛОДЕЖИ"

3 мая 2019 года во время проведения форума были проведены встречи и мастер-классы с обще..

2019.05.03

"ШЫН ЖҮРЕКТЕН" АКЦИЯСЫ

2019 жылдың 3 мамыр күні "Шын жүректен" акциясы аясында Жас патриоттар Қапшағай қаласынд..

2019.05.03

НИКТО НЕ ЗАБЫТ, НИЧТО НЕ ЗАБЫТО

3 мая 2019 года в честь Дня Победы - 9 мая, было проведено возложение цветов к Памятнику..

2019.05.03

АКЦИЯ "ОТ ВСЕГО СЕРДЦА"

3 мая 2019 года прошла акция "От всего сердца", патриоты съездили с концертной программо..

2019.05.03

"ҰЛЫ ДАЛА БАЛАСЫ"

ФОРУМНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ҚОНАҒЫ "ҰЛЫ ДАЛА БАЛАСЫ" ТӨРЕГӘЛІ ТӨРЕӘЛІ КЕЛІП, ҮШ ОРТАЛЫҚҚА ОНЛАЙН Б..

2019.05.03

ІІІ Республикалық Жас патриоттар форумының ашылу салтанаты

2019 жылдың 3 мамыр күні "Ұлы дала жастары - рухани жаңғыру жолында" атты ІІІ Республика..

2019.05.03

Торжественное открытие ІІІ Республиканского форума юных патриотов

2 - 4 мая 2019 года в филиале Республиканского учебно-оздоровительного центра "Балдаурен..

2019.05.03

"Мен - патриотпын!" фотолокация

2019 жылдың 2 мамыр күні "Мен - Патриотпын!" фотосуреттер локациясы өткізілді. Әр топ па..

2019.05.02

"Ұлы дала ұрпағы - жасай берсін мәнгілік"

2019 жылдың 2 мамыр күні жас патриоттардың көшбасшылық қабілеттерін жаңғырту және топтас..

2019.05.02

"Ұлы дала жастары рухани жанғыру жолында" форум қатысушыларының келуі

2019 жылдың 2 мамыр күні "Ұлы дала жастары рухани жанғыру жолында" атты ІІІ Республикалы..

2019.05.02

"Я - Патриот!" конкурс фотолокаций

2 мая 2019 года патриоты разделившись по отрядам, провели фотолокации на тему "Я - Патри..

2019.05.02

"Потомки великой степи - всегда впереди!"

2 мая 2019 года в день заезда на форум, для объединения лидеров патриотов, была проведен..

2019.05.02

ЗАЕЗД УЧАСТНИКОВ НА ФОРУМ

2 мая 2019 года состоялся заезд патриотов на ІІІ Республиканский форум в РУОЦ "Балдаурен..

2019.05.02

"ДӘЛМЕ-ДӘЛ" ПАРОДИЯ БАЙҚАУЫ

«Дәлме-дәл» аты айтып тұрғандай, әртістік шеберлік, дауыс ырғағы, сахна мәде..

2019.04.23

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КІТАП КҮНІ

23 сәуір - Дүниежүзілік кітап күні Дүниежүзілік кітап күніне орай Алматы қаласындағы Қа..

2019.04.23

ФОРУМ ЮНЫХ ПАТРИОТОВ

ПРЕСС-РЕЛИЗ ІІІ РЕСПУБЛИКАНСКОГО ФОРУМА ЮНЫХ ПАТРИОТОВ «Молодежь Великой степи н..

2019.04.22

ЖАС ПАТРИОТТАР ФОРУМЫ

«Ұлы Дала жастары рухани жаңғыру жолында» ІІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАС ПАТРИОТТАР ..

2019.04.20

"Жастар" педагогикалық тобымен танысу кеші

Балдәуреннің айнасына айналған "Жастар" педагогикалық тобы балаларға бойларындағы бар та..

2019.04.16

2019 жылдың 5 ауысымының ашылу салтанаты

"Күле білу өмір, күлдіре білу өнер"-, деп Абай атамыз айтқандай, әзіл өнері қазіргі таңд..

2019.04.15

2019 жылғы 5-ауысымның БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Балдәурен әзіл фест» көңілді тапқырлар клубы атты 5 - ауысымының БАСПАСӨЗ..

2019.04.03

ПРЕСС-РЕЛИЗ 5 смены 2019 года

ПРЕСС – РЕЛИЗ 5 смены 2019 года Клубы веселых и находчивых  «Балдәур..

2019.04.03

Дəстүрлі өнердің қыр-сыры

      2019 жылдың 4 -ауысымы демалушылармен Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлт..

2019.03.27

"Балдәурен талант шоу"

"Балдәурен талант шоу" байқауы 4 ауысым қатысушыларына арналған мега жоба. Бұл жоба дары..

2019.03.25

"Жастар" педагогикалық тобымен танысу кеші

Жастар сөзі Балдәурен тарихымен бірге біте қайнап келеді. Себебі бүгінгі айтар ойымыз - ..

2019.03.24

Шеберлік сыныптар

2019 жылдың 21-23 наурыз аралығында ауысым тақырыбына сай, Алматы қаласында орналасқан Қ..

2019.03.22

4-ауысымның ашылуы

2019 жылғы 21 наурыз күні 4-ауысымның ашылу салтанаты өтті. Балдəурендік балалар ұйымдас..

2019.03.21

2019 жылғы 4 ауысымның баспасөз хабарламасы

2019 жылғы «Өнерлі ұландар – руханият жыршылары» 4 - ауысымының БА..

2019.03.20

«Мақта ойыншықтары» шебер сыныбы

        Бақытты болу әр адамның өз қолында. Егер жетістіктерімізді қ..

2019.03.04

Жетісу өлкесін танып білді

     Жетісу өлкесін танып білуге арналған кеш      Отанға..

2019.03.02

Батыр балаларға алғыс айтылды

       Алғыс айту күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсе..

2019.03.01

3 - ауысымының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2019 жылғы «Made in Baldauren» шебер қолдар атты 3 - ауысымының БАСПАСӨЗ&..

2019.02.25

ПРЕСС – РЕЛИЗ 3 смены 2019 года

 ПРЕСС – РЕЛИЗ 3 смены 2019 года Умелые руки  «Made in Baldaure..

2019.02.25