ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР!
 

         Еліміздің балаларға деген, олардың болашағына деген қамқорлығынан туындап, қоғамның үлкен сұранысына ие болып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен 2017 жылдың сәуір айынан бастап «Балдәурен-Қапшағай» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы филиалы ашылды.

      Оқу-сауықтыру орталығы филиалы Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы ерекше орын алатын «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығынан бастау алған.

      «Балдәурен» – балалардың, сенімділік пен қауіпсіздіктің, қамқорлық аралы. Орталықтың басты мақсаты баланы үнемі дамыту болғандықтан, қоғамдық маңызы зор. Уақыт толқынына қарамай орталық іші қашанда бақытты күлкіге толы болады.

      Біз - балалардың бойындағы патриоттық рухтарын шыңдап, шығармашылық қабілеттерін ұштап, әр балаға қоғам ішінде өзін жеке тұлға ретінде сезінуіне ықпал жасаймыз. Балалардың өмірлік ұстанымдарын айқындауға көмектесеміз. «Балдәурен-Қапшағай» арман аралында шаттыққа толы қуанышты күндердің өтуі осында қызмет атқаратын баланы және өз ісін шексіз сүйетін жандардың арқасы. Сонымен қатар, орталық ішінде қалыптасқан бала тәрбиесінің бірегей жүйесінің нәтижесі екендігімен мақтанамыз!

      Бүгінгі таңда «Балдәурен-Қапшағай» 1 жасқа толып отыр. Бала бақытының қайнар көзіне айналған «Арман аралының» алар асуы, бағындарар белестері әлі алда екеніне сенеміз. Әрбір демалушы баланың арманына қанат байлайтын, талантына шабыт сыйлайтын орталық сайтына қош келдіңіздер! 

 
 
«Балдәурен-Қапшағай» РМҚК РОСО филиалының Бас директоры  
Кульмагамбетов Ренат Серикович

Соңғы жаңалықтар

28
қазан

"Қайырлы кеш, Балдәурен!" ойын-сауық кеші

Қазан айының 27 күні Балдәуренде балалар арасында «Қайырлы кеш, Балдәурен» атты ойын-сауық кеші өткізілді. О..

Оқу

24
қазан

Шоқан Уалиханов мұражайына саяхат Шоқан Уалиханов мұражайына саяхат

Шоқан Уалиханов мұражайына саяхат

Билы қазақтың ғалымы, зерттеуші, этнограф – Шоқан Уалихановтың туғанына 185 жыл толып отыр. Соған орай 14-ауысым б..

Оқу

24
қазан

"Бизнес сити" экономикалық ойыны

Балалық шағында әр баланың арманы болады. Біреу дәрігер болуды армандаса, біреу ғарышкер болсам дейді, ал енді бірі инже..

Оқу

Әйгілі айдарлар

Медицинские требования для "Балдәурен" г.Капшагай

оқу

Медицинские требования для "Балдәурен" г.Капшагай

Путевки на отдых и оздоровление в Республиканскийучебно-оздоровительный центр «Балдәурен» г.Капшагай распределяются Министерством образования и науки

оқу